💪🏻☺️ Жоғары дәрежелі және еңбекқор қызметкер Өрт сөндіруші мамандығы – ең қиын мамандықтардың бірі болып табылады. Өрт сөндіруші-құтқарушылар күн сайын адамдардың өмірі мен мүлкін құтқару үшін өртпен айқасқа түседі. Олар жауынгерлік кезекшілікке түскенде, бүгін олардың кімнің өмірі мен денсаулығына өрттен араша түсетінін ешкім болжай алмайды. Сондай мамандық иелерінің бірі – Қарағанды облысы Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №15 Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Мейіржан Болатұлы Аймағамбетов. Ол 1976 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданында туылған. Отбасы құрған. Бүгінгі күнде ұл мен қыз тәрбиелеп отыр. Әскери қызметін өткерген соң, 1999 жылы Қарағанды облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №15 өрт сөндіру бөліміне жұмысқа кірді және осы жерде 2018 жылдың қаңтарынан бастап қарауыл бастығы лауазымында қызметін жалғастыруда. Мейіржан Болатұлы осы уақытқа дейін қызметінде өзін жоғары дәрежелі, еңбекқор және лайықты адам ретінде көрсетіп, көптеген табиғи және техногенді апаттарды жоюға қатысты. 2018 жылдың тамыз айында №15 өрт сөндіру бөлімінің спорт алаңында Қарағанды облысы гарнизонының бөлімдері арасында «Үздік қарауыл» атағы үшін байқау-конкурсы өтті. №15 өрт сөндіру бөлімінің қарауылдар арасында өткен жарыстың бірінші кезеңі бойынша Мейіржан Болатұлының басшылығымен №4 қарауыл үздік атанды. Жарыстың 2-ші кезеңінде Мейіржан Болатұлы бастаған №15 өрт сөндіру бөлімінің №4 қарауылы гарнизон бөлімдерінің арасында «Үздік қарауыл» атағына сайысқа түсті. Нормативтерді орындау барысында өзінен жас қызметкерлерден еш кем түспеді. Облыстық «Үздік қарауыл» байқау конкурсының қорытындысы бойынша Мейіржан Болатұлы бастаған №15 өрт сөндіру бөлімінің №4 қарауылы жалпы көрсеткіште облыс гарнизонының 34 бөлімінің арасында 5-ші орынды иеленді. 2011 жылы 05 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Төтенше Жағдайлар Министрлігінің №665 жеке құрам бойынша Бұйрығымен «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» кеуде белгісімен марапатталды. Қызметінен бос уақытта әрқашан бөлімнің спорттық немесе мерекелік іс-шараларына ат салысады. Жас мамандармен өзінің өрт сөндіру мен апаттарды жоюдағы жинаған тәжірибесімен бөлісіп, әрқашан қолдау көрсетіп, олардың дайындықтары мен тәрбиесіне көп үлес қосады. Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №15 ӨСБ Высококвалифицированный и трудолюбивый сотрудник Профессия пожарного является одной из сложнейших профессий. Пожарные-спасатели ежедневно вступают в схватку с огненной стихией, спасая жизни граждан и их имущество. Можно только гадать, чья жизнь или здоровье будут зависеть от них сегодня, когда они заступили на боевое дежурство. Один из них – начальник караула ПЧ-15 Службы пожаротушения и аварийно-спасательных работ ДЧС Карагандинской области лейтенант гражданской защиты Мейржан Болатулы Аймагамбетов. Он родился в 1976 в Шетском районе Карагандинской области. Женат и воспитывает сына и дочь. После службы в армии в 1999 устроился на работу пожарным в государственную Противопожарную Службу Карагандинской области Пожарная часть №15, где продолжает работать с января 2018 в должности начальника караула. За все время службы Мейржан Болатулы проявил себя как высококвалифицированный, трудолюбивый и порядочный сотрудник, участвовал в ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера. В августе 2018 года в спортивной площадке ПЧ-15 проходил смотр –конкурс на звание «Лучший караул» среди подразделений гарнизона Карагандинской области. По итогам 1-го этапа конкурса среди караулов ПЧ-15 лучшим стал караул №4 под руководством Мейржана Болатулы. Во 2-м этапе смотр-конкурса Мейржан Болатулы во главе 4-го караула боролся за звание лучшего. В выполнении нормативов ничуть не уступал молодым сотрудникам. По итогам областного смотр-конкурса «Лучший караул» 4-карау ПЧ-15 под руководством Мейржана Болатулы в общем зачете занял 5-ое место среди 34 частей Карагандинского гарнизона. В свободное время от несения службы всегда принимает активное участие в деятельности пожарной части, будь то спортивное или торжественное мероприятие. А также прилагает немало усилия в воспитании и подготовке молодых специалистов, всячески оказывая поддержку и охотно делясь своим богатым опытом в тушении пожаров и ликвидации чрезвычайных ситуации. В декабре 2011 года Приказом Министерства Чрезвычайных Ситуации Республики Казахстан за №665 был награжден медалью «За активное участие в спасательных операциях». ПЧ №15 ГУ «СПиАСР» ДЧС Карагандинской области